Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Айжан Есмағамбетова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында туған. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін, Қазақстан медицина университетін (Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары мектебі), Алматы менеджмент университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы №7 емханада фельдшер-зертханашы болып бастаған.

1997-2004 жж. республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының аса қауіпті инфекциялар бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2004-2014 жж. ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарды. 2013 жылы ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2014 ж. – ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары.

2014-2017 жж. – ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы.

2017 ж. – ҚР ДСМ Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2017-2020 жж. – ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры.

2020 ж. – ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылғы қазаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады