Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Республикалық үшжақты комиссия еңбек саласындағы қатердің алдын алу шараларын күшейтуде

Республикалық үшжақты комиссия еңбек саласындағы қатердің алдын алу шараларын күшейтуде
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында қатысушылар еңбек саласындағы қазіргі ахуалды және саладағы қатерді ерте анықтау тетіктерін талқылады. Мониторинг 96 373 кәсіпорын енген Еңбек тәуекелдерінің картасы арқылы жүзеге асырылады, оның ішінде 1 783 кәсіпорын ерекше бақылауда тұр. Жүйе енгізілген сәттен бастап 3,2 мың ұйым қаупі жоғары санатынан шығарылды, бұл 100 мыңнан астам қызметкерді қамтиды.

Сондай-ақ еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттың алдын алу мәселелері қаралды. Жалпы көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан, бірқатар салалар мен өңірлерде профилактикалық жұмысты күшейтуді талап ететін қатер әлі де бар.

Премьер-министрдің орынбасары білім беру жүйесі мен еңбек нарығы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, оның ішінде Enbek.kz платформасы арқылы студенттердің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Отырыс соңында Республикалық үшжақты комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Жиын қорытындысы бойынша салалық мемлекеттік органдарға әлеуметтік-еңбек қаупі жоғары кәсіпорындарға мониторингті күшейту, ведомствоаралық деректер алмасу бойынша жұмысты жандандыру, сондай-ақ кәсіпорын басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру арқылы өндірістік жарақаттың алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті