Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда үшжақты комиссияның жұмысы күшейтіледі

Қазақстанда үшжақты комиссияның жұмысы күшейтіледі
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Оған орталық мемлекеттік органдар, кәсіподақтар бірлестіктерінің, жұмыс берушілер одағының өкілдері және облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия отырысында «Qarmet» АҚ компаниясының еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлері үшін еңбек жағдайларын жақсарту бойынша атқарған жұмыстары қарастырылды. Ол туралы кәсіпорын бас директоры Вадим Басин баяндады.

Оның сөзінше, компания өндірістік жарақаттанудың алдын алу және еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған бірнеше жобаны жалғастырды. Нәтижесінде уақытша еңбекке жарамсыздықпен жарақаттанған жағдайлар саны 2023 жылмен салыстырғанда 60%-ға төмендеді. Еңбек қауіпсіздігі саласындағы инновациялық жүйелер енгізілді, оның ішінде тиісті процестерді автоматтандыру ісі бар.

Кәсіпорын қызметкерлерінің 63,7%-ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру келісімшарттарын жасасты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға көп.

«Qarmet» компаниясы сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторларымен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істеп, еңбек қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды жоюға бағытталған тексерулер жүргізеді.

Вице-премьер кәсіпорын жұмысына оң баға беріп, қолға алынған шараларды жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі концепциясы аясында қарастырылған шараларға баса мән беру керектігін айтты.

Кеңес барысында салалық және аймақтық деңгейдегі үшжақты комиссиялардың жұмысына қатысты сын айтылды.

«Еңбек қатынастары саласындағы жағдай үшжақты комиссиялардың жұмысын күшейту қажеттігін айқындап тұр. Көрсеткіштерде оң өзгерістер болғанымен, көңіл көншітерлік деп айта алмаймын. Мәселенің салдарымен емес, себептерімен жұмыс істеу қажет. Осы ретте комиссияның жұмыс органы ретінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорға министрлігіне аймақтық және салалық органдардың жұмысын талдап, жоспарланған шаралардың орындалуын қатаң бақылауды тапсырамын», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді