Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының 2030 жылға дейінгі жобасы қарастырылды

Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының 2030 жылға дейінгі жобасы қарастырылды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен Республикалық үшжақты комиссияның кезекті отырысында Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының 2030 жылға дейінгі жобасы қарастырылды. Отырысқа орталық және жергілікті органдар, кәсіподақ ұйымы және қоғамдық бірлестіктер, жұмыс беруші мен жұмысшылар конфедерациясының өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Аталған тұжырымдама кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін бағалау тәртібін өзгертуді көздейді. Яғни, әр жұмыс орнындағы тәуекелдерге назар аударылмақ. Осылайша, жұмыс беруші мен еңбек инспекциясына тәуекелі жоғары аумақтарға мән беріп, тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік беріледі.

Одан бөлек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге көрсетілетін әлеуметтік қолдауға байланысты негізгі жаңашылдықтарымен бөлісті. Оған сәйкес жасы 55-тен асқан, міндетті зейнетақы жарналарын 7 жыл бойы аударып отырғандарға арнайы төлем енгізу қарастырылады. Қажетті қаражат мемлекеттік бюджет, БЖЗҚ, өмірді сақтандыру компаниялары мен жұмыс беруші тарапынан берілмек.

Сонымен қатар отырыста кәсіпорындардағы қазіргі жағдай бойынша мәлімет берілді. Осы орайда өңірлік үшжақты комиссиялар, жұмыс беруші мен жұмысшылардың мүдделерін қорғаушылардың қызметіне қатысты сын айтылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өңірлердегі әріптестерімен еңбек дауларының алдын алу әдістемесіне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады