Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістандағы білім ордасында Бауыржан Момышұлы атындағы музей мен арнайы кабинет ашылды

Түркістандағы білім ордасында  Бауыржан Момышұлы атындағы музей мен арнайы кабинет ашылды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп базасында даңқты қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Бауыржан Момышұлы мұрасы: батырлық, тәрбие және ұлттық рух» тақырыбында қалалық әскери-патриоттық семинар өтті. Тағылымды шара батырдың өшпес ерлігі мен рухани мұрасын жас ұрпақ санасына сіңіруді, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруды көздеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауқымды семинарға зиялы қауым өкілдері, білім саласының басшылары, әскери сала мамандары мен ардагерлер қатысты. Атап айтқанда, Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Төлімбет Бақытжан, ҚР Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімінің жеке құрамы мен сарбаздары, «Мирас» бейбітшілік шарты әскери күштерінің ардагерлері Халитов Серік мен Сыздықов Батырхан, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының тренерлері, Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы тоғыз мектептің директорлары, сондай-ақ қала мектептерінің директорлары мен тарих пәні мұғалімдері бас қосты.

Семинардың салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталды. Жиында сөз сөйлеген Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Б. Төлімбет пен ардагер С. Халитов Бауыржан Момышұлының ерлікке толы өмір жолы мен елге сіңірген еңбегі бүгінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге екенін атап өтті. Олардың айтуынша, батырдың қайсар мінезі, тәртіпке негізделген өмірлік ұстанымдары мен ұлттық рухты дәріптеген ой-тұжырымдары білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының өзегіне айналуы тиіс.

Семинар аясында мектеп қабырғасында рухани маңызы зор екі нысанның ашылуы өтті. «Батырдың мұрасы – мектептің рухани орталығы» атты музейі  ашылды. Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлы атындағы арнайы пәндік кабинет пайдалануға беріліп, оның ашылу лентасын Арыс ауданы Б.Момышұлы атындағы мектептің директоры С. Дауренбеков, ардагер Б. Сыздықов және Түркістан қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы мектеп директоры Г. Утеуова қиды. Бұл нысандар батыр мұрасын жүйелі түрде насихаттайтын тағылымды орталыққа айналмақ.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімінің сарбаздары жоғары саптағы дайындықты көрсеткен «Әскери дефиле» қойылымын ұсынып, әскери тәртіп пен бірліктің үлгісін көрсетті. Сонымен қатар, мектеп оқушыларынан құралған «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері әскери-тактикалық машықтарын таныстырды. Оқушылардың «Қаһармандық пен қаламгерлік» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстары мен өнер көрсетілімдері батырдың көпқырлы тұлғасын тереңірек таныта түсті.

Семинардың ең әсерлі сәттерінің бірі – мектеп оқушылары сахналаған «Намыс жолы» атты қойылым болды. Бұл көріністе Бауыржан Момышұлының өмір жолындағы шешуші кезеңдер, ел мен жерге деген адалдық, қайсар мінез бен әскери рух көркем түрде бейнеленіп, көрерменге ерекше әсер қалдырды.

Тағылымды жиын мектеп ұстаздарынан құралған хордың орындауындағы «Атамекен» әнімен салтанатты түрде қорытындыланды. Шара соңында Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беретін мектептің директоры Айгерім Пошанова сөз сөйлеп, келген қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдірді. Ол өз сөзінде батыр есімін иеленген білім ордасы үшін мұндай іс-шаралардың маңызы зор екенін атап өтіп, ұлттық рухты асқақтату мен отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу мектептің басты бағыты болып қала беретінін жеткізді.

Аталған семинар барысында Бауыржан Момышұлының ерлік жолы, адамгершілік ұстанымдары, әскери тәртіп пен ұлттық құндылықтарды ұштастырған тағылымды ойлары жан-жақты талқыланды. Бұл тағылымды басқосу – тарихты танумен қатар, бүгінгі және болашақ ұрпаққа нағыз азаматтың қандай болу керектігін көрсеткен мазмұнды әрі мағыналы іс-шара болды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті