Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ерліктің 80 жылдығы: Иван Панфилов ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Елорданың «Жерұйық» саябағында панфиловшылар ерлігінің 80 жылдығына орай Иван Панфилов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің басшылығы, ЖОО әскери кафедраларының студенттері мен оқытушылары қатысты.

«Осыдан тура 80 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін бүкіл Кеңес халқы, соның ішінде Қазақстан да жұмылдырылды. КСРО Қорғаныс министрлігі бас штабының директивасына сәйкес Алматыда 316-шы дивизия құрылды. Бішкекте бір полк, Алматыда екі полк құрылды. 14-15 қазанда фашистік басқыншылармен алғашқы шайқастар өтті. 16 қарашада біздің батырларымыз – 28-панфиловшылар өздерінің ұмытылмас ерліктерін жасады. 18 қарашада Мәскеу түбіндегі шайқаста бір ай бойы көрсеткен табандылығы үшін 316-атқыштар дивизиясы гвардия атағына ие болды және 8-гвардиялық атқыштар дивизиясына қайта құрылды. Сол күні Гусенов ауылында дивизия командирі генерал-майор Иван Васильевич Панфилов шайқаста қаза тапты», - деді Нұр-Сұлтан қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі Ғани Артықов.

Гүл қою рәсімінен кейін қонақтар мен іс-шараға қатысушылар қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді