Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сауранда «Келешек мектептері» ұлттық жобасының нәтижесі айқын көрініс тапты

Сауранда «Келешек мектептері» ұлттық жобасының нәтижесі айқын көрініс тапты
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы өңірлерде сапалы білім алуға тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған. Осы ұлттық жоба аясында Түркістан облысында 29 жаңа мектеп салынса, оның ішінде Сауран ауданында үш заманауи мектеп пайдалануға беріліп, балалар мен ұстаздар үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасы қалыптасты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа мектептердің ашылуы аудандағы үш ауысымда оқу, апатты және ескі ғимараттарда білім беру мәселелерін шешуге нақты серпін берді. Бұл, ең алдымен, оқушылардың денсаулығы мен білім сапасына оң әсер етіп, педагогтердің заманауи талаптарға сай жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызды. Ұлттық жоба тек жаңа ғимараттар салумен шектелмей, ауыл мен қала арасындағы білім сапасын теңестіруге, балалардың қабілетін ашуға және ұстаз еңбегін қолдауға бағытталған маңызды бастама болып отыр.
Сауран ауданы білім бөлімінің басшысы Ғани Бақытұлының  айтуынша, «Келешек мектептері» – болашақ ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыруға арналған кешенді жоба.

«Бұл мектептер – балалардың қауіпсіз, жарық әрі заманауи ортада білім алуына жасалған нақты жағдай. Сонымен қатар, мұғалімдер үшін де жаңа мүмкіндіктер ашылды. Зертханалармен, STEM және робототехника кабинеттерімен жабдықталған мектептер ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдап, оқыту үдерісінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді ол.

Еңбекші Диқан ауылында ашылған 600 орындық №4 жалпы білім беретін мектеп бірнеше елді мекендегі оқушы жүктемесін азайтып, үш ауысымда оқу қаупін жойды. Бүгінде мектеп бір ауысымда жұмыс істеп, жүздеген баланың сапалы білім алуына жағдай жасап отыр. Ал С.Қожанов ауылында бұрын апатты жағдайда болған ескі саман мектептің орнына 300 орындық жаңа мектеп салынуы ауыл балалары үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім кеңістігін қалыптастырды. Сондай-ақ Шорнақ ауылының Аша елді мекенінде ашылған №5 жалпы білім беретін мектеп көршілес білім беру ұйымдарындағы үш ауысым мәселесінің алдын алып, оқушыларды заманауи материалдық-техникалық базамен қамтуға мүмкіндік берді.

Ұлттық жоба аясында бой көтерген бұл мектептерде физика, химия, биология зертханалары, IT, робототехника, STEM кабинеттері, спорт және шығармашылық залдары толық жабдықталған. Мұндай мүмкіндіктер оқушылардың жан-жақты дамуына, ал педагогтердің жаңа әдістермен нәтижелі жұмыс істеуіне жол ашып отыр. Сауран ауданында жүзеге асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы – балалар болашағына салынған берік негіз әрі ұстаз еңбегіне көрсетілген нақты қолдаудың жарқын көрінісі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті