Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда биік ғимараттар салуға тыйым салынуы мүмкін

Алматының Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйлер салуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Әкімнің сөзінше, Бостандық ауданының негізгі проблемасы жаппай және нүктелі құрылыс болып отыр. Соңғы жылдары ауданда тұрғын үй құрылысының қарқыны әлеуметтік нысандар құрылысынан әлдеқайда асып түскен.

"Мәселені жүйелі шешу үшін маусым айында қала құрылысы регламентіне толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде Абай даңғылынан оңтүстікке қарай және әл-Фараби даңғылынан солтүстікке қарай тұрғын үйлердің қабаттылығы 9 қабатқа дейін болуы белгіленді және әлеуметтік нысандар салу бойынша міндетті талап енгізілді. Құрылыстың жаңа ережелері бойынша жұмыс басталып кетті", - деді Ерболат Досаев.

Телеарнаның хабарлауынша, бүгінде Бостандық ауданында белсенді құрылыстың 6 алаңы бар.  
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда