Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды
Фото: Polisia.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел ақпаратты тексеру барысында есірткі құралдарын заңсыз сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Есірткі заттарын сақтау немесе тарату фактілері өрескел қылмысқа жатады.

- Біздің міндетіміз – мұндай құқық бұзушылықтарды ерте кезеңде анықтап, күдіктілерді оқшаулау арқылы қала тұрғындарына келуі мүмкін қауіптің алдын алу. Полиция Алматы көшелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, – деді Алматы қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дархан Әбіқұлов.

Тексеру барысында күдіктіден өсімдік тектес есірткі – гашиш тәркіленді. Аталған затқа тиісті сараптама тағайындалды. Ер адам тергеу амалдарын жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция азаматтарды есірткіге қатысты кез келген күмәнді әрекеттер туралы дереу хабар беруге шақырады және мұндай заттарды сақтау мен тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті