Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

3 мың SIM-карта және SIM-бокстар: полиция алаяқтардың жаппай қоңырау шалу схемасын анықтады

3 мың SIM-карта және SIM-бокстар: полиция алаяқтардың жаппай қоңырау шалу схемасын анықтады
Фото: Polisia.kz

Астана қалалық киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Павлодар облысы полиция департаментінің мамандарымен бірлесіп, алаяқтардың қоңырау генерациялайтын орталығының жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтерді телефон арқылы алаяқтыққа арналған жаппай қоңырау шалу офисіне айналдырған шетелдің үш азаматы ұсталды. Тінту кезінде 6 SIM-бокс, шамамен 3 мың SIM-карта, сондай-ақ компьютерлер мен ноутбуктер тәркіленді. Мұндай жабдық ондаған нөмірді бір уақытта қолдануға және абонент деректерін өзгертуге мүмкіндік береді, бұл алаяқтардың азаматтарды алдау кезінде жиі пайдаланатын тәсілі. Аталған факті бойынша абоненттік құрылғының идентификациялық кодын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қосымша қатысы бар тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарға белгісіз нөмірлерден қоңырау түскен жағдайда сақ болуға, жеке мәліметтерді жарияламауға және күмәнді әрекеттер байқалғанда дереу "102" нөміріне хабарлауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады