Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ интернет-алаяқтардың байланыс арнасының жолын кесті

ІІМ интернет-алаяқтардың байланыс арнасының жолын кесті
Фото: polisia.kz

Астанада интернет-алаяқтықтың жолын кесу бойынша жедел іс-шаралар барысында мыңнан астам sim-карта тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың көпшілігі sim-қораптардан табылды. Бұл алаяқтарға әлемнің кез келген нүктесінен жалған нөмірлер арқылы қоңырау шалуға мүмкіндік береді.

Операцияны ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері елордалық әріптестерімен бірлесіп жүргізді.

Барлығы осындай 11 жабдық, сондай-ақ ноутбуктер, телефондар мен модемдер тәркілендіДыбыс күшейткіштері ретінде көрсетілген sim-қораптар жалдамалы пәтерлерден және ұсталғандардың бірінің көлігінің жүксалғышынан табылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бар мән-жайлар анықталатын болады, деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Бүгінде интернет-алаяқтық қылмыстың ең көп таралған түрі болып саналады. Азаматтар әлі де қылмыскерлердің айласына түсіп қалып жатыр.

Қоңырау арқылы жасалған қылмыстың алдын алудың жолы – тұтқаны қойып, әңгімені тоқтату, бөтен адамның айтқандарына сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің телефон арқылы, оның ішінде WhatsApp немесе Telegram көмегімен операциялар жүргізбейтінін естен шығармау қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты