Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ұрланған сейфті алып қашпақ болған күдікті қолға түсті

Алматыда ұрланған сейфті алып қашпақ болған күдікті қолға түсті
Фото: Polisia.kz

Алматыда ұрланған сейфті алып қашпақ болған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматыда полиция пәтерді тонаған күдіктіні ұстады. Күдікті сейфті ұрлап,  қаладағы қоғамдық троллейбуспен алып кетуге әрекеттенген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар ер азаматты анықтап, ұстады. Күдікті қылмыс орнынан кету үшін ең күтпеген тәсілдердің бірін таңдағанымен, тәртіп сақшылары оны дер кезінде қолға түсірді.

– Бұл күдіктіні ұстау қызметкерлеріміздің жеделдігі мен үйлесімді жұмысының нәтижесі. Қазір оның өзге де ұқсас фактілерге қатыстылығы тексерілуде. Қылмыстың бұл түрін ашу бойынша жұмыс күнделікті жүргізіледі және біз қала тұрғындарының мүлкін қорғауға ерекше назар аударуды жалғастырамыз, – деді Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел шаралардың жалғасып жатқанын хабарлады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді