Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте «зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде

Шымкентте «зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Фото: pixabay.com

Еліміз бойынша жаппай өтіп жатқан  «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясына мегаполис жастары да үн қосты. Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары жергілікі оқу орындарының студенттерімен бірлесіп, «Қыз тағдыры - ел тағдыры» атауымен үлкен іс- шара ұйымдастырды. Кездесуге университет жастары мен білікті психологтар қатысып отбасылық  құндылықтардың айқын бағыттарына тоқталды.

Ресми статистикалық мәліметтер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды. Оның басты себептерінің бірі - қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі дейді мамандар.16 күндік акция аясында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 600-ге жуық жасөспірім мен студенттер түрлі бастамаларға қатысты. Олар зорлық-зомбылықтың алдын-алу,тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда аман қалу іс - әрекеттері  жайын кеңінен талқылады.

"Қазақстанда тұрмыстық зорлық зомбылық тақырыбы белең алып тұрған кезеңде дер кезінде азаматтық үн қату біздің міндетіміз. Өз құқықтары мен қорғану әдісін білмейтін жастар жетерлік. Бұл оқу орындарындағы әлімжеттік мәселесіне де қатысты. Түсіндірме шараларын жүргізіп, білікті мамандардың бірлесуі қажет дүние.Шымкент қаласы еліміздегі ең үлкен қалалардың бірі болғандықтан, бізде де шешімін күткен мәселелер жетерлік. Жастар ресурстық орталығы алдағы уақытта көптеген бастамаларға мұрындық болады деген үміттеміз", - дейді Шымкент қалалық әйелдер кеңесі төрайымы Баян Айтбекқызы. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты