Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте жол апатына кінәлі азамат бас бостандығынан айырылды

Шымкентте жол апатына кінәлі азамат бас бостандығынан айырылды
Фото: pixabay.com

Шымкентте жол апатына кінәлі ер адам көлік жүргізу құқығынан өмір бойына шектетіліп, бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың көктемінде Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі есірткіге масаң күйде Алматы – Ташкент – Термез тасжолының бойымен белгіленген жылдамдықтан асырып тыйым салынған бағдаршамға мән бермей, көлік басқарған. Әл-Фараби көшесінің қиылысына дейін барып, Hyundai Starex көлігімен соқтығысқан.

Соққыдан Альфард қарсы жолаққа шығып кетіп, Daewoo Gentra көлігін соққан.

Салдарынан Hyundai Starex көлігінің 57 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушылары 65 жастағы зейнеткер және 35 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Көліктің қалған 5 жолаушысы, оның екеуі кішкентай балалар, түрлі дене жарақаттарымен ауруханаларға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасын жасаған Toyota Alphard жүргізушісі мен көлік салонында болған 2 ер адам да медициналық мекемеге жатқызылды.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 345-1-бабы 4-бөлігімен (Көлік құралын масаң күйінде басқарған адамның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) СДТБТ-не тіркеді.

Анықтаушылар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, қылмыстық іс материалдарын айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.

Сот үкімімен қылмыскер 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады