Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында азық-түлік бағалары бақылауда тұр

Алматы облысында азық-түлік бағалары бақылауда тұр
Фото: pixabay.com

Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты деңгейде сақталуда. Мониторинг нәтижелеріне сәйкес, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының индексі 100% құрап, республикалық көрсеткішке сәйкес келді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыста сәбіз (–3,2%), пияз (–1,7%), сиыр еті (–1%) және күнбағыс майы (–0,1%) арзандады. 

Баға тұрақтылығын сақтау және бақылау жұмыстарын облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаевтың төрағалығымен құрылған ведомствоаралық комиссия жүзеге асыруда. Комиссия құрамына кәсіпкерлік басқармасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, монополияға қарсы орган және «Атамекен» өңірлік палатасы секілді 14 мемлекеттік орган кіреді.

– Біз күн сайын мониторинг жүргізіп, белгіленген шектен тыс баға өсуіне жол бермейміз. Биылдың өзінде заң талаптарын бұзған 27 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Қуаныш Бақытұлы.

Тексерулер электронды форматта жүргізілуде. Сауда орындарының тізімдері Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданып, электронды шот-фактуралар арқылы жеткізу тізбегі бақыланады. Бұл тәсіл негізсіз үстемеақыларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Нақты саудамен айналыспайтын компанияларға қатысты материалдар Экономикалық тергеулер департаментіне жіберілді. Тексеру қорытындысы бойынша 27 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 98 мың теңге айыппұл салынды.

– Біздің мақсатымыз – жазалау емес, алдын алу. Біз бизнес өкілдерімен бірлесе отырып, азық-түлік бағасының тұрақтылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге күш саламыз, – деп атап өтті Қуаныш Бақытұлы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті