Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі

Полиция есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында полиция есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысының полиция департаменті “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында өңір аумағында есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. 5 қараша күні полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның көмегімен Қарағанды қаласының Сортировка кентінде кең ауқымды арнайы операция өткізді. Операция барысында жасы 28 бен 30 аралығындағы екі облыс тұрғыны синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхана ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды. Тінту кезінде тәртіп сақшылары жалдамалы үйден бір тоннадан астам прекурсор мен 52 келіден астам дайын есірткі заты — Альфа-PVP затын тәркіледі. Сонымен қатар есірткі өндіруге арналған құрал-жабдықтар: электронды таразылар, араластырғыштар, кептіргіштер, вакуумдағыштар, контейнерлер және өзге де техникалық құрылғылар анықталып, айғақ зат ретінде алынды.

— Операция нәтижесінде шамамен 173 мың доза синтетикалық есірткінің қара нарыққа түсуінің жолы кесілді. Сондай-ақ азаматтар арасынан жаңа “курьерлер” мен жасырын таратушылардың қылмыстық іске тартылуына жол берілмеді, — деді Қарағанды облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ғалымжан Бекболатов. 

Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер үйді зертхана ашу мақсатында жалдап, психотроптық заттарды куратордың нұсқауымен дайындаған. Ал еңбекақылары криптовалюта түрінде төленіп отырған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді