Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңа технология: Алматы емханаларына Face ID енгізіліп жатыр

Жаңа технология: Алматы емханаларына Face ID енгізіліп жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала емханаларында Face ID технологиясын пайдалана отырып, пациенттерді сәйкестендірудің жаңа жүйесі іске қосылып жатыр, деп хабарайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жаңашылдық медицинадағы есептің ашықтығын арттырып, қабылдау процесін жеңілдетіп, науқасты жалған тіркеудің жолын кеседі. Сонымен қатар, Цифрлық құжаттар сервисі арқылы пациенттер келетінін алты таңбалы кодпен растай алады. Жыл соңына дейін бұл жүйе қаланың барлық емханасына енгізіледі. Қазіргі уақытта Face ID жүйесін медициналық мекемелердің 70%-ы қолданып отыр.
«Face ID технологиясын қолдану пациенттерді дәл сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, рецепт жазып беру, ем тағайындау және медициналық құжат жүргізу кезінде аса маңызды. Біз бастапқы медициналық-санитарлық көмекті цифрландыру жұмыстарын жалғастырамыз. Бұл медициналық қызметті тұрғындар үшін қолжетімді әрі ыңғайлы етуге септігін тигізеді», - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Әсия Ақанова.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады