Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полицейлер өрт шыққан пәтерде ес-түссіз қалған ер адам мен жас баланы құтқарды

Полицейлер өрт шыққан пәтерде ес-түссіз қалған ер адам мен жас баланы құтқарды
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысының тәртіп сақшылары өрт ішінен ес-түссіз жатқан ер адам мен баланың өмірін құтқарып қалды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

23 наурызда сағат 17:28-де Көкшетау қаласының Юбилейный шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы 102 нөміріне шұғыл қоңырау түсті. Оқиға орнына санаулы минуттар ішінде жеткен учаскелік полиция инспекторы Сағындық Құрмантаев көршілердің абыржып, пәтердің есігін ашуға тырысып жатқанын көрді. Іштегі тыныштық бәрін алаңдатты. Сол сәтте үй ауласында тұрған қарт кісі көмек сұрай келіп, іште оның ұлы мен немересі қалып қойғанын, ал өзінде кілт жоғын айтты. Көп ұзамай есік ашылып, Сағындық Құрмантаев дымқыл шүберекпен тынысын жауып, қою түтіннің ішіне батыл кірді. Пәтердің дәлізінен ол есінен танып қалған, 8 жасар баланы тауып алып, дереу сыртқа алып шықты. Артынша ішке қайта кірген полиция қызметкері түтін арасында жатқан ересек ер адамды байқады. Оған көмектесуге көмекші ретінде кинолог, кіші сержант Артем Шмидт пен патрульдік қызмет өкілдері жетті. Қалың түтінге қарамастан, тәртіп сақшылары ер адамды қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы көмек көрсетті.

Арада көп уақыт өтпей өрт сөндірушілер келіп, жалынды толық ауыздықтап, пәтердегі түтінді сыртқа шығарды. Полицейлер мен жедел әрекет еткен көршілердің арқасында қос бірдей адамның өмірі аман қалды. Қырағылық пен батылдық танытқан көршілерге полиция қызметкерлері алғыстарын білдірді. Қазіргі таңда құтқарылған әке мен бала аурухананың жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында. Полицейлер оларға тезірек сауығып кетуін тілеп отыр. Бұл оқиға бірліктің, жанкештіліктің және жедел әрекеттің нақты көрінісіне айналды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты