Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте полицейлер алаяқтықтың бетін ашты

Шымкентте полицейлер алаяқтықтың бетін ашты
Фото: Polisia.kz

Шымкентте полицейлер ірі көлемде ақша жымқырған күдіктілерді құрықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғыны өзін банк қызметкерлеріміз деп таныстырған белгісіз тұлғалардың қоңырауына алданып, полицияға жүгінген. Алаяқтар азаматшаның атына несие рәсімделіп жатқанын айтып, сеніміне кіріп, өз нұсқауларын орындауға көндірген. Нәтижесінде алаяқтар жәбірленуші мен оның жұбайының атына бірнеше банктен несие рәсімдетіп, тіпті олардың үйі мен автокөлігін төмен бағамен сатуға көндірген. Келтірілген жалпы материалдық шығын 25 миллион теңгеден асты. Тергеу барысында жәбірленушілер қаражаттың бір бөлігін алаяқтардың нұсқауымен белгісіз шоттарға аударғаны, ал қалған соманы үйіне келген курьерге беріп жібергені анықталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері аталған қылмысқа қатысы бар тұлғаларды Алматы және Шымкент қалаларында анықтады. Қаскөйлер ұрланған қаражатты Шымкенттегі айырбастау пункті арқылы Грузияға аударған. 

Полицейлер екі күдіктіні ұстады. Алаяқтық жайты бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Полиция азаматтарға өздерін банк қызметкеріміз деп таныстырған бейтаныс адамдардың қоңырауына сенбеуді, жеке деректер мен құпия кодтарды ешкімге айтпауды ескертеді. Күмән тудырған қоңыраулар түскен жағдайда бірден полицияға жүгінгеніңіз абзал.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді