Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда полицейлер ірі көлемдегі алаяқтықты әшкереледі

Павлодарда полицейлер ірі көлемдегі алаяқтықты әшкереледі
Фото: Polisia.kz

Павлодарда полицейлер ірі көлемдегі алаяқтықты әшкереледі, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы полиция департаментінің Instagram парақшасына (@dp_pavlodar) азаматтардан алғыс хаттар тұрақты түрде келіп түсіп жатады. Жуырда сондай бір хат Қарағанды қаласының тұрғыны Әнуар Чекеден жолданды. Ол өз үндеуінде Павлодар өңіріндегі киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлеріне кәсіби әрі жедел жұмысы үшін шынайы алғысын білдірді. Әнуар Чекенің айтуынша, 27 мамыр күні өзін "Энергоцентр" мекемесінің қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар белгісіз нөмірден хабарласып, 1414 қысқа нөмірінен келген СМС-кодты сұраған. Сақтық танытпаған азамат кодты айтып қойған. Көп ұзамай өздерін банк өкілдеріміз деп таныстырған тағы бір қоңырау келіп, атынан несие рәсімделіп жатқанын айтып, нұсқаулар берген. Осылайша ол екі түрлі банктен жалпы сомасы 3,5 млн теңге көлемінде несие рәсімдеп, қаражатты алаяқтар ұсынған шотқа аударып жіберген. Кейіннен өз әрекетінің алаяқтардың құрбанына айналғанын түсінген азамат банктерге жүгінгенімен, қаражаттың қолма-қол алынып кеткенін білген. Алайда күтпеген жерден павлодарлық полиция қызметкерінен қоңырау келіп, күдіктінің қаланың банкоматтарының бірінде ұсталғанын естіген. Киберқылмыспен күрес қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында жәбірленуші ұрланған ақшасын толық көлемде қайтарып алған. 

— Бұл – өз ісінің нағыз шеберлері. Барша ұжымға мықты денсаулық, қызметтерінде табыс және осындай күрделі, бірақ маңызды істе сәттілік тілеймін, — деп ризашылығын білдірді Әнуар Чеке. — Азаматтардың құқықтарын қорғау мен қылмыспен күрес – біздің басты міндетіміз. Ал тұрғындардың алғысы – ең үлкен марапат, — дейді полиция департаментінің өкілдері.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі