Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте алаяқтар азаматтарды 400 млн теңгеге алдаған

Шымкенттік полицейлер алаяқтық жасаған күдіктілерді құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың күзінде қаладағы дүкендердің бірінде үш әйел қала тұрғынына жақындап, тез баюдың қызықты схемасын ұсынған. Олар тұрғынды бір миллион теңге көлемінде несие алуға көндірген: 300 мың теңгені өзіңе алып, 700 мың теңгені бізге берсең, несиені толықтай өзіміз жабамыз деп сендірген. Бірақ несие төлейтін уақыт жақындағанда әйелдер із-түссіз жоғалып кеткен. Содан кейін жәбірленуші полицияға жүгінген.

Полиция қызметкерлері куәгерлермен сұхбаттасып, алаяқтар жүруі мүмкін жерлердегі бейнекамералардың жазбаларын көрді. Көп ұзамай жедел уәкілдер олардың ізіне түсіп, әйелдердің жеке басын анықтап, оларды қамауға алды. Үшеуі де Түркістан облысының тумалары болып шықты.

Тергеу барысында бір схема бойынша алаяқтардың 500-ге жуық адамды алдағаны белгілі болды. Келтірілген жалпы шығын шамамен 400 миллион теңгені құрады.

“Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде осы қылмысқа қатысты үш азаматша анықталды. Олардың алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет қылмыс жасағаны анықталды. Аталған тұлғалар күдікті деп танылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде”, – деді Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби ауданы АПБ тергеушісі Спандияр Зайнидин.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады