Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Халықаралық рейтинг агенттіктеріне Қазақстанның құрылымдық реформалар нәтижесі мен экономикалық перспективалары таныстырылды

Халықаралық рейтинг агенттіктеріне Қазақстанның құрылымдық реформалар нәтижесі мен экономикалық перспективалары таныстырылды
Фото: primeminister.kz

Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының күзгі сессиялары шеңберінде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Fitch, Moody's және S&P секілді үш ірі рейтинг агенттігінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан тарапынан іс-шараларға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Ұлттық экономика министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Ұлттық банк пен «Бәйтерек» холдингінің басшылары қатысты.

Кездесу кезінде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, орта мерзімді болжамдар мен тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге арналған құрылымдық реформалардың басым бағыттары таныстырылды.

Экономиканың құрылымын трансформациялау үдерісіне ерекше назар аударылды. Серік Жұманғарин атап өткендей, бүгінде Қазақстан экономикасы 15 жыл бұрынғыға қарағанда анағұрлым әртараптандырылған. Атап айтқанда, ЖІӨ-дегі мұнай секторының үлесі 2010 жылғы 16,5%-дан 2024 жылы 8,1%-ға дейін қысқарды. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі алғаш рет өндіруші сектордың үлесінен асып түсті. Ал соңғы 20 жылда өңдеу өнеркәсібіндегі тікелей шетелдік инвестиция көлемі бірнеше есе өсті. Сонымен қатар шағын және орта бизнес ЖІӨ-нің шамамен 40%-ын алатыны атап өтілді (10 жыл бұрын 25% болған).

Бұл өзгерістер Қазақстанның ресурстық модельден неғұрлым орнықты және теңгерімді экономикаға көшіп жатқанын айғақтайды. 2025 жылғы 9 айда негізгі капиталға салынған инвестиция 13,5%-ға артты. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестиция ағыны $10 млрд құрады. Оның ішінде $6,3 млрд шикізатқа жатпайтын салаға бағытталды. Қазақстан Үкіметі 2029 жылға қарай ЖІӨ көлемін $450 млрд-қа жеткізу мақсатын қойып отыр, осы ретте белсенді инвестицияны арттырудағы мемлекеттің рөлін одан әрі күшейтуге ниетті.

Одан бөлек бюджет және салық саясатының ауқымды реформасының нәтижесі де таныстырылды. Жаңа Бюджет кодексінде бюджеттің мұнай кірісіне тәуелділігін төмендетуге және шығынды тұрақтандыруға бағытталған контрциклдік екі ереже бекітілген. Олар – Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі мен республикалық бюджет шығысының өсуін шектеу. Биылға арналған Бюджет осы қағидатты ескере отырып қалыптастырылды. Бұл мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Рейтинг агенттігі өкілдері жаңа Бюджет және Салық кодекстерін жүзеге асыру барысына, сондай-ақ инфляцияны тежеу мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шараларына үлкен қызығушылық танытты. Қазақстан тарапынан барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті