Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада медицинаның өзекті мәселелерін талқылауға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Астанада медицинаның өзекті мәселелерін талқылауға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада №1 көпбейінді қалалық аурухананың 100 жылдығына орай «Медицинаның өзекті мәселелері – дәстүр мен инновация» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған іс-шараға медициналық қоғамдастықтың 350-ге жуық өкілі қатысты.Конференцияның салтанатты ашылу рәсімінде Президенттің кеңесшісі Алексей Цой алғашқы құттықтау сөз сөйлейді.

«Маған бұл аурухананың бүкіл жұмысы етене таныс. Мен мұнда қызмет ететін барлық медициналық қызметкерлерді білемін. Мұндай ауыр жүктемені кез келген ұжым абыроймен атқара бермеуі мүмкін. Кейде бір уақытта 40 жедел жәрдем көлігі ауыр халдегі науқастарды жеткізіп жатқанда, медицина қызметкерлері солардың бәріне көмек көрсетіп үлгеріп жатады. Бұл ғасыр жасаған аурухананың бай тәжірибесін көрсетеді, ұжым арасындағы берік бірлікті аңғартады. Сондықтан аты айтып тұрғандай, №1 қалалық аурухана бірінші болып қала береді деп ойлаймын. Бүгін 100 жылдығын атап өтіп отырған аурухана келесі 100 жылда елімізге ғана емес, шетелдерде де танымал болады деген сенімдемін», - деді ол.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірхан №1 көпбейінді қалалық аурухананың 100 жылдығымен құттықтады.

«100 жыл бұрын Ақмоланың алғашқы стационары ретінде құрылған 40 төсектік аурухана шын мәнінде сан тарау тарихи жолдан өтті. 100 жыл - бұл жай ғана сан емес, бұл бірнеше ұрпақтың жүріп өткен өмір жолы. Осы шағын стационар жыл сайын мыңдаған науқастарға жоғары технологиялық көмек көрсететін заманауи клиникаға айналды. Бүгінгі таңда №1 көпбейінді қалалық аурухана - қуатты заманауи кешен. Мұнда күрделі операциялар жасалып, цифрлық технологиялар енгізіліп отыр. Ал биыл Кардиохирургия орталығының ашылуы өңірлік медицина үшін нағыз серпіліс болды. Орталық әлемдік үздік клиникалар деңгейінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл – жай ғана фактілер емес, бұл жанды оқиға. Оның негізінде адамдардың тағдыры, адалдық пен күнделікті тынымсыз еңбек жатыр», – деген Ерік Мейірхан.

Айта кетейік, конференция медицинаның негізгі бағыттары бойынша өзекті ғылыми деректерді баяндау мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылауды мақсат тұтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті