Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да бопсалауға қатысы бар күдікті УҰИ-ға қамауға алынды

БҚО-да бопсалауға қатысы бар күдікті УҰИ-ға қамауға алынды
Фото: Polisia.kz

БҚО-да полиция жастар арасындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жастар арасында жасалатын қылмыстарды анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Атырау облысының тұрғынының БҚО тұрғынына қатысты қылмыс жасағаны анықталды. Анықталғандай, осы жылдың жаз айларында күдікті жәбірленушінің пәтерінде болған кезде, қорқытып, оның iPhone 15 телефонын иемденіп, қызды сол телефонды ломбардқа тапсыруға мәжбүрлеген.

Барлық әрекет күдіктінің бақылауымен жүргізілген. 500 мың теңге көлемінде ақша алған соң, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жастар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жұмыстары БҚО ПД басшылығының ерекше бақылауында және бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті