Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Пышақпен қорқытқан”: Астанада тұрғынның ақшасын иемденіп алған күдікті құрықталды

“Пышақпен қорқытқан”: Астанада тұрғынның ақшасын иемденіп алған күдікті құрықталды
Фото: pixabay.com

Астана тұрғынын пышақпен қорқытып, ақшасын иемденіп алған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz  тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түнгі уақытта Астана тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз біреу қорқытып ақша алғаны жайында арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, бетперде киген азамат пышақпен қорқытып, қолма-қол ақшасы бар әмиянын иемденіп, 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Аталған оқиға бойынша Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Тексеру барысында аталған азаматтың бұл қылмысты бұрын жоспарлап, алдын ала медициналық киім мен бетперде сатып алғаны анықталды. Күдікті түнде Гоголь көшесіндегі металл қабылдау пунктіне келіп, жәбірленушіні қорқытумен мүлкін иемденіп, содан кейін белгісіз бағытқа қашып кеткен. Құқық бұзушыны ұстау үшін, полиция қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні қолға түсірген. Ер адам кінәсін мойындап, ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қала аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды