Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда притондарды ұйымдастыру дерегі анықталды: күдіктілер ұсталды

Оралда притондарды ұйымдастыру дерегі анықталды: күдіктілер ұсталды
Фото: Polisia.kz

Оралда притондарды ұйымдастыру және ұстау фактілері анықталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және полицияның басқа да бөлімшелерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Орал қаласында жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастыру және ұстау фактілері анықталды. Атап айтқанда, 2024 жылдың наурыз айынан 2025 жылдың мамыр айына дейін 51 жастағы әйел қаладағы сауналардың бірінде интимдік қызмет көрсетуге арналған бөлмелерді жабдықтап, оларды ақылы негізде пайдалануға берген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сол кезеңде тағы екі әйел алдын ала сөз байласу арқылы топ болып жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған. Бұл факті бойынша да қылмыстық іс қозғалып, күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар алты әйелге қатысты алдын ала сөз байласу арқылы притон ұйымдастырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды.

Аталған іс бойынша тергеу жұмыстарын Абай полиция бөлімі жүргізуде. Ішкі істер органдары притондарды ұйымдастыру және жезөкшелікке тарту сияқты заңсыз әрекеттерді анықтау және тоқтату бойынша кешенді іс-шараларды жалғастыруда. Аталған құқық бұзушылықтарға қатысы бар барлық тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі