Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Триатлон саябағындағы көпірдің астында жаңа заманауи қоғамдық кеңістік ашылды

Астанада Триатлон саябағындағы көпірдің астында жаңа заманауи қоғамдық кеңістік ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада Триатлон саябағындағы көпірдің астында жаңа заманауи қоғамдық кеңістік ашылды. Мұнда әмбебап спорт алаңы, воркаут аймағы, жаттығу құрылғылары және йогамен айналысуға арналған арнайы орын жабдықталды. Жаңарған аумақ белсенді өмір салтын ұстанатындар үшін тартымды орынға айналады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа кеңістіктің техникалық ашылуы өтті. Іс-шара тұрғындардың зор қызығушылығын тудырды: қала тұрғындары мен қонақтары бұрын бос тұрған орынды спорт пен демалысқа арналған заманауи аймаққа қалай айналғанын көруге келді. Ашылу кезінде нысан таныстырылып, қаладағы үздік нұсқаушылардың шеберлік сабақтары өтті.
Алматы ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімі басшысы Данияр Қожахметовтің айтуынша, көпір астында бірнеше функционалды аймақ жасалды. Баскетбол мен волейболға арналған әмбебап алаң, воркаут аймағы, сондай-ақ жоғары жүктемелі жаттығу құрылғылары орнатылған. Йогаға қызығатындар үшін бөлек жұмсақ жабындысы бар алаңқай қарастырылған, бұл жаттығуды ыңғайлы әрі қауіпсіз етеді.

«Бұрын бұл жерде ештеңе жоқ, бос аумақ еді. Қазір біз оны бұқаралық спортқа арналған толыққанды кеңістікке айналдырдық. Құрал-жабдықтар арнайы тапсырыспен жеткізілді, вандализмге төзімді. Оларды алып кету мүмкін емес, себебі салмағы 100 келіден асады. Мұндай шешім бұған дейін Астанада болған емес, бұл – бірегей жоба. Іске асыруға бір жарым ай уақыт кетті, біз арнайы жеткізілімді күттік. Болашақта мұнда спорттық қана емес, мәдени іс-шаралар да өткізіледі», – деді Данияр Қожахметов.

Жаңа кеңістік тұрғындарды қатты қуантты. Қонақтар мұндай жобалар қаланы жайлы етіп, бұқаралық спорттың дамуына жағдай жасайтынын және белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыратынын атап өтті. Келушілердің айтуынша, алаңқай Триатлон саябағының атмосферасын арттырып, белсенді демалысты ұнататындардың сүйікті орнына айналады.

Бұл нысан тек спорттық аймақ емес, сонымен қатар мәдени шаралар, шеберлік сабақтары мен кездесулер өтетін орын ретінде де қарастырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты – әртүрлі жастағы әрі қызығушылығы бөлек адамдарды біріктіріп, барлығына пайдалы уақыт өткізуге мүмкіндік жасау.

Жаңа алаңның техникалық ашылуы мерекелік көңіл күйде өтті. Көпір астындағы кеңістік тұрғындарға қазірдің өзінде қолжетімді, ал алдағы уақытта мұнда түрлі шаралар өткізіліп, қаланың маңызды орындарының біріне айналады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті