Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Теміржолшылар тұрғын алабында жаңа қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды

Теміржолшылар тұрғын алабында жаңа қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Теміржолшылар тұрғын алабында жаңа қоғамдық кеңістік пен балалар алаңы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының Алматы ауданының әкімі Рүстем Тәуекеловтің айтуынша, тұрғын алапты абаттандыру – тек қоғамдық кеңістіктерді құруды ғана емес, сонымен бірге инфрақұрылымды жаңартуды да қамтитын кешенді жұмыстың бір бөлігі.

«Жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр. Бұрынғы тротуарларды қалпына келтіріп, жолдағы шұңқырларды жөндеу жұмысын жүргізіп жатырмыз, бейнебақылау камераларын орнатуды бастадық. Күзгі кезеңде 500-ден астам ағаш отырғызып, тұрғын алапты көгалдандыру, сондай-ақ жылы аялдамалар орнату жоспарымызда бар, оның ішінде Жамбыл Жабаев көшесі де бар. Жоғары жылдамдықты талшықты-оптикалық интернет жүргізілді. Сондай-ақ осы айда жаңа Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу күтілуде. Мұның бәрі – тұрғындардың бұған дейін көтерген проблемаларына берілген жауап. Өзекті мәселелерді тиімді шешу тек әріптестік арқылы мүмкін. Сіздердің қатысуларыңыз біз үшін маңызды – онсыз мұндай жобаларды іске асыру мүмкін емес», – деп атап өтті аудан әкімі құттықтау сөзінде.

Қалалық мәслихат депутаты Азамат Айтқожиннің айтуынша, Теміржолшылар тұрғын алабында қоғамдық кеңістіктің ашылуы оның өкілдік ететін округі тұрғындары үшін маңызды оқиға болды. Мұндай жобалар, әсіресе, абаттандырылған аймақтарды көптен күткен шеткері орналасқан тұрғын алаптар үшін аса маңызды.

«Қараңыздар, бәрі қалай қуанып жатыр: футбол алаңы, стритбол және воркаут аймағы, балаларға арналған әткеншектер, демалыс орындары, қарт кісілер жинала орындар бар. Бұл жай ғана абаттандыру емес – бұл бүкіл шағын аудан тұрғындарын тартатын орын», – деді спикер.

Айта кетейік, биыл Астанада шамамен 170 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылып жатыр. Бұл жұмыс қала аудандарының барлығын, оның ішінде тұрғын алаптарды да қамтиды. Бүгінде бұл жұмыстың басым бөлігі аяқталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді