Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

600 мың теңгелік торт дауы: кондитер блогерден 3,5 млн теңге өндіруді талап етті

600 мың теңгелік торт дауы: кондитер блогерден 3,5 млн теңге өндіруді талап етті
Фото: Instagram/akbergenova_nurshat

Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында 30 қыркүйекте кондитер Нұршат Ақбергенованың блогер Аселина Батырбековаға қарсы азаматтық талап-арызы бойынша алдын ала сот отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, талап-арыздың мәні – төрт қабатты торт дайындау бойынша берешекті өндіріп алу.

"Жауапкерден талапкердің пайдасына ауызша келісімшарт негізінде 500 мың теңге берешекті өндіріп алуды, жалған мәліметтер таратып, ар-намысы мен қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін 3 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтетуді, сондай-ақ, осы жалған мәліметтер жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде теріске шығаруды міндеттеуді және сот шығындарын жауапкерден өндіріп алуды сұрайды", – деп оқыды талапкердің талаптарын судья Гүлзада Рашқалиева.

Сот талапкерден торттың шын мәнінде 600 мың теңге тұрғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынуды сұрады.

Нұршат Ақбергенованың өкілі, егер жауапкер талаптарды өз еркімен орындаса, дауды бейбіт жолмен шешуге дайын екенін білдірді.

"Бірінші талап – 500 мың теңгені, яғни қалған соманы (торт үшін – ред.) төлеу. Екінші – менің сенім білдірушімнің абыройына нұқсан келтірген ақпаратты жариялаған БАҚ-та ресми түрде кешірім сұрап, теріске шығару. Сол кезде біз заңгерлік көмекті өндіріп алу талабынан бас тартамыз. Бұл жауапкер үшін тиімді деп ойлаймын", – деді талапкердің өкілі.

Алайда жауапкер тарап бұл талаптарды "абсурд" деп атады. Сонымен қатар, олар кондитердің әлеуметтік желілерде жауапкерге қатысты жариялаған барлық жазбаларына психологиялық, саяси және филологиялық сараптама жүргізуді талап етті.

"Мәселе – Еуроодаққа мүше елдің дипломатының жұбайына қатысты болып отыр. Оның үстіне, ол кибербуллингтің халықаралық деңгейде нысанасына айналды. Талапкер мен оның өкілдері қоғамды жалған ақпаратпен адастырып жатыр. Сондықтан сот отырысын жабық режимде, БАҚ пен бөгде адамдардың қатысуынсыз өткізуді сұраймыз", – деді жауапкердің өкілі.

Алайда сот істі жабық режимде қараудан бас тартты. Негізгі сот отырысы БАҚ қатысуымен жалғасатын болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті