Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында ауыл әкімі желіде өзін даттағандарды сотқа берді

Павлодар облысы Павлодар ауданында ауыл әкімі әлеуметтік желіде ар-намысына нұқсан келтіретін сөздер жазғаны үшін жерлестерін сотқа берген. Ол моральдық зиян ретінде екі адамнан 500 мың теңгеден өтемақы талап етті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz басылымы. 

Григорьевка ауылдық округінің әкімі Виталий Бруцкийдің айтуынша, Instagram парақшаларының бірінде ол "өзінің досына 18 гектар жер рәсімдеді" деген видео пайда болған.

 Видео авторы шағым бойынша бұл учаскенің тексерілгенін, сондай-ақ бейнежазбаны аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, прокуратураға және облыс әкіміне жолдайтынын айтады. Автор егер мәселе шешілмесе, президентке жүгінуге ниетті екенін де қоса кеткен.Алайда басылымның хабарлауынша, ауылдық округтің басшысы таралған ақпаратты жоққа шығарған. Сондай-ақ әкім "Депутатқа сұрақ" WhatsApp-чатында ауыл әкімінің атына құрметсіздік танытатын сөздер айтылған дыбыстық хабарлама таратқан ер адамнан моральдық зиян тигізгені үшін өтемақы өндіріп алуды талап еткен.

Виталий Брукций сотқа жолдаған арызда Instagram және WhatsApp топтарында таратылған өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпаратты шындыққа сәйкес келмейді деп тануды, сондай-ақ екі жауапкерден бұл ақпаратты жоққа шығаруды міндеттеуді сұраған.Қазіргі уақытта жауапкерлердің біріне қатысты іс Павлодар қалалық сотында қаралып жатыр.  
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді