Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шерзаттың отбасы 660 млн теңге моральдық өтемақы талап етті

Шерзаттың отбасы 660 млн теңге моральдық өтемақы талап етті
Фото: бейнескриншот inform.kz

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Сот барысында жәбірленуші тараптың өкілі адвокат Мейірман Шекеев оқиға орнында болған Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге қатысты жеке қаулы шығаруды сұрады. Сот төрағасы өтінішхатты ашық қалдырып, шешімді кеңесу бөлмесінде қабылдайтынын айтты.

Сонымен қатар қорғаушы азаматтық талап арыз жариялап, келесі өтемақыларды өндіруді талап етті:

1. Шынасыл Абзалдан – Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ұлының жерлеу рәсіміне кеткен 2 794 000 теңге көлемінде материалдық шығынды өндіру;

2. Шынасыл Абзал және Равиль Сакиевтен ортақтасып – Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық зиян ретінде 100 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіру;

3. Шынасыл Абзал және Равиль Сакиевтен ортақтасып – Гүлбара Бишімбаеваның пайдасына моральдық зиян үшін 100 миллион теңге өндіру;

4. Шынасыл Абзал және Равиль Сакиевтен ортақтасып – Жұмабике Қадированың пайдасына моральдық зиян үшін 100 миллион теңге өндіру;

5. Белғожаев Шыңғыс, Әскентай Дархан, Илясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Нұрбол, Тоқтаубаев Азамат және Қалиахмет Дидардан үлестік түрде – Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына әрқайсынан 20 миллион теңгеден, жалпы 120 миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өндіру;

6. Осы алты азаматтан Гүлбара Бишімбиеваға – әрқайсынан 20 миллион теңгеден, жалпы 120 миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу;

7. Сондай-ақ аталған азаматтардан Жұмабике Қадироваға – әрқайсынан 20 миллион теңгеден, жалпы 120 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіру сұралды.

Адвокат моральдық зиян бойынша талаптардың психологиялық зерттеу қорытындыларына негізделгенін атап өтті. Сонымен қатар жерлеу рәсіміне жұмсалған шығындардың түбіртектері де талап арызға қосымша ретінде тіркелді.

Сотқа төрағасы Ержан Жанұзақов аталған азаматтық талап арызды қабылдады. Атап айтқанда жәберленушілер Нұрымов, Кадирова, Бишімбиева осы қылмыстық іс бойынша азаматтық талапкер ретінде тануға, Сотталушылар Шынасыл А., Сакиев Р., Белғожаев Ш.,, Әскентай Д., Илясов Н., Тоқтаубаев Н., Тоқтаубаев А. және Қалиахмет Д. азаматық жауапкер ретінде тануға қаулы етті. Сондай-ақ судья сотталушыларды ҚР ҚПК 74-бабындағы азаматтық жауапкердің құқықтарын түсіндірді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады