Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абайдың 180 жылдығы: Астанада ақынның қара сөздеріне негізделген қойылымның премьерасы өтті

Абайдың 180 жылдығы: Астанада ақынның қара сөздеріне негізделген қойылымның премьерасы өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанадағы Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «45» атты пластикалық қойылымның премьерасы өтті, деп хабарлады kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайты.

Абайдың қара сөздерін арқау еткен қойылымда нақты кейіпкер жоқ. Пластика мен әнге өрілген қойылымда актерлар ақынның халыққа айтқан өсиетін насихаттайды.

Қойылымның режиссері – мәскеулік Илья Подчезерцев. Оның айтуынша, классикалық мәтіндер пластикалық өнер тілінде жаңаша бейнеленіп, поэзия мен қозғалыстың үйлесімді бірлігін көрсетеді.

«Қойылымға дайындық Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітаптарын оқудан басталды. Кейін ақынның қара сөздерін оқып шықтым. Өздеріңізге мәлім, Абайдың қара сөзі бүгінде өзектілігін жойған емес. Қойылым философиялық терең мағынаға ие.

Оның айтар ойы бар. Мұнда адамның билікке таласқыш, жалқау болатынына, ғылым, ақылдың жарысы, сондай-ақ рухани құндылықтардан көріністер қойылады», - деді мәскеулік режиссер.


Илья Подчезерцевтің режиссерлік шешімінің арқасында Абайдың философиялық ойы сахналық пластика арқылы көрерменге жеткізіледі.

«Абайдың қара сөздерін іс-әрекет, қимыл арқылы жеткізу режиссердің талабы болды. Пластика арқылы қара сөздерін тыңдап, көрермен бүгінгі қоғамда болып жатқан жағдайларды көреді», - деді Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының актрисасы Ақбота Мәкежанова.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді