Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Ұлы Абай – рухани темірқазық»: елорданың Достық үйінде дөңгелек үстел өтті

«Ұлы Абай – рухани темірқазық»: елорданың Достық үйінде дөңгелек үстел өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадағы Достық үйінде Абайдың 180 жылдығына арналған «Ұлы Абай – рухани темірқазық» атты дөңгелек үстел өтті. Абай шығармалары мен рухани болмысы дәріптелген жиынға Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, мәслихат депутаттары, Ардагерлер кеңесінің өкілдері, қала тұрғындары, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға модератор болған Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары, «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері Халил Маслов дөңгелек үстел бағдарламасына сәйкес қатысушыларға сөз берді. Жиында сөз алғандар Абайдың тек ұлы ақын ғана емес, барлық этнос үшін рухани туыстық символы екенін атап айтты.

«Абай әлемі – бүкіл түркі халықтарының рухани байлығы ғана емес, сонымен қатар ол шын мәнінде әлемдік деңгейдегі құнды мұра. Ақын шығармалары рухани тұрғыда біздің мәдениетімізге жақын. Біз, Қазақстан татарлары Абай шығармашылығына ерекше тамсана қараймыз, оның философиялық ойлары біздің де ұлттық дәстүрлерімізбен терең ұштасып жатады. Абай айтқан адалдық, адамдық қасиеттерді бойымызда дамытып, өскелең ұрпақ бойында қалыптастыруға ұмтыламыз, себебі оның идеясы – бүкіл адамзат үшін ортақ құндылықтар», – деді «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Сергей Садыков.

Келесі спикер Астана қаласының мемлекеттік мұрағатының директоры Жангелді Бимолдин елордадағы Абай аты берілген көшелер мен нысандардың тарихына тоқталды.

«1995 жылы Абайдың 150 жылдығы тойланғанда қаладағы бір көшеге «Абайдың 150 жылдығы атауы» берілді. Ол Шұғыла көшесінен басталып, Н. Тілендиев даңғылымен қиылысатын ұзындығы 1 км 257,4 метрлік көше. Ақмолаға елорда мәртебесі берілгеннен кейін көшелер атаулары өзгертіле бастады. 1997 жылы әкімдік және қалалық мәслихаттың шешімімен сол кездегі ең үлкен Ленин даңғылына Абай атамыздың аты берілді. 2000 жылы Абайдың 155 жылдығына орай бұрынғы «Факел» кітап дүкенінің орнына «Абай кітап үйі» дүкені ашылды. 2019 жылы №87 мектеп-гимназиясы да атамыздың есімімен аталатын болды. Бүгінде Абай көшесінің бойында, қала әкімдігінің алдында орналасқан ұлы ойшылдың еңселі ескерткішінің жаны руханият өкілдері, жалпы елорда халқы жиі жиналатын рухани орынға айналды. Мұндай жұмыстар әлі де жалғаса береді. Себебі Абайды ардақтау – өзімізді тану, тіліңді сүю, тағдырыңа терең үңілу», – деді Ж. Бимолдин.

Жиын соңында Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының Абай шығармаларын өзге тілде сөйлету бойынша өткен челленджіне белсенді қатысқан 13 адамға Алғыс хаттар табысталды. Бір топ түрлі ұлт өкілдерінің жастары ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің өз ана тіліндегі аударма нұсқасын оқыды. Сондай-ақ «Қорқыт» фольклорлық ансамблінің орындауында Абайдың әндері мен күйлері орындалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті