Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да туризм саласын дамытуға үлес қосқандар марапатталды

ШҚО-да туризм саласын дамытуға үлес қосқандар марапатталды
Фото: ШҚО әкімдігі

Дүниежүзілік туризм күніне орай Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ресейден келген делегациямен бірге Өскемендегі Сол жағалау саябағына барды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ШҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Әуелі бақ ішіне көшет отырғызып, содан кейін түрлі халықтардың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін этноауылды аралады. Сондай-ақ жергілікті тауар өндірушілердің тауарлары қойылған көрмені тамашалады.

Ал салтанатты шараның шымылдығын Нұрымбет Сақтағанов өз сөзімен ашты.

- Баршаңызды бүгінгі Дүниежүзілік туризм күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі туризм саласын дамытуға ерекше назар аударып келеді. Өңірімізде экотуризм, медициналық және гастрономиялық туризмдер қарқынды дамып жатыр. Табиғаты тамаша өлкенің жерүсті және жерасты байлығы мол. Бірақ ең басты байлық - біздің қонақжай халқымыз, - деді  ШҚО әкімі.

Оның айтуынша, биыл облыста 700 шақырымнан астам жол жөнделеді. Катонқарағай мен Зайсан аудандарында әуежай салынып жатыр. Бұл қадамдар да өңірдегі туризм саласын дамыта түспек.

Мерекеге орай аймақ басшысы Шығыс Қазақстандағы туризм саласын дамытуға үлес қосқан жандарға Құрмет грамоталарын табыстады.

Олардың арасында:

* “Регистан” қонақ үйінің басшысы Рустам Адамов,

* “Meloman Travel” компаниясының құрылтайшысы Александр Дериглазов,

* “Баян” пантамен емдеу орталығының иесі  Дариға Исабаева,

* “Вояж” туристік фирмасының құрылтайшысы Ирина Клиновицкая

* “Үлбі” демалыс базасының директоры Дамир Құмаров

* “Altay-pro.kz” туристік фирмасының басшысы Вячеслав Орлов,

* ШҚО Туризм кеңесінің төрағасы Сымбат Рамазанов,

* “Ular Forest Retreat” сауықтыру кешенінің басшысы Талғат Серменов,

* “GASTRO TOUR VKO” туристік компаниясының құрылтайшысы Мұхтар Тойбазаров,

* “KATONKARAGAY TOUR” туристік фирмасының басшысы Олжас Токушев,

* “Марал-Сервис” ЖШС құрылтайшысы Виктор Утяшев,

* “Изумрудный Алтай” ЖШС құрылтайшысы Александр Чиликин,

* “Altay Out Wear” брендімен белсенді демалысқа арналған киім өндіру цехының басшысы Саят Шаяхметов бар.

Ары қарай шара мерекелік концертке ұласты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті