Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ермек Маржықпаев спорт күніне орай сала қызметкерлерін марапаттады

Ермек Маржықпаев спорт күніне орай сала қызметкерлерін марапаттады
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Спорт күніне орай ел спортының дамуына өлшеусіз үлес қосқан сала қызметкерлері мен ардагерлерді марапаттады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.


Салтанатты іс-шарада Ермек Маржықпаев жиынға қатысушыларды Спорт күнімен құттықтап, отандық спорттың дамуына қосқан үлесі мен жарқын жеңістері үшін сала өкілдеріне алғыс айтты.

«Ең алдымен Сіздерді кәсіби мереке – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын бірегей сала. Сергектік пен мықты рухқа ие болудың кепілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт пен дене шынықтыру саласының дамуын үнемі басты назарға қойып келеді. Ел спортының ертеңін еңселі ету, ойы сергек, бойы шымыр ұрпақ тәрбиелеу – басты міндетіміз. Бүгінде біздің спортшылар әлемдік деңгейдегі бәсекелерде ел мәртебесін асқақтатып келеді. Бұл жетістіктер – спорт саласына еңбек сіңірген аға буынның, жаттықтырушылар мен мамандардың, спортшылардың ерен еңбегінің жемісі», – деді Туризм және спорт министрі.

Мерекелі жиында Ермек Маржықпаев сала қызметкерлері мен жаттықтырушыларға, спорт ұйымдары өкілдеріне «Еңбек ардагері» медалін, «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісін, «Құрмет» грамотасы мен «Алғыс хат» табыс етті.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді