Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар жылы: елордада мамандар медициналық өнім шығарады

Жұмысшы мамандықтар жылы: елордада мамандар медициналық өнім шығарады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Жұмысшы мамандықтар жылы: елордада мамандар медициналық өнім шығарады. Әрбір өнеркәсіп пен кәсіпорын, ондағы мыңдаған маман күнделікті жұмысы арқылы ел экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып жатыр. Өндіріс циклінің үздіксіз жүруін тікелей қамтамасыз ететін – жұмысшы мамандық иелері. Солардың бірі – Астанадағы медициналық құрал-жабдықтар шығаратын заманауи фармацевтикалық кешенде жұмыс істейтін елорда тұрғыны Гүлжан Мұсабаева, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Гүлжан Мұсабаева медициналық құрал-жабдықтар шығаратын фармацевтикалық кешенінде 3 жылдан бері жұмыс істеп жүр. Қан құятын, дайындайтын және бөлетін құтылар мен өзге де медициналық жабдықтар шығаратын зауытта қазір 160-қа жуық маман қызмет етеді. Бұрын донорлық салада қолданылатын контейнерлер шетелден әкелінсе, енді оны астаналық жұмысшылар шығарып, құрастырып жүр.


«Өзімнің жұмысым қатты ұнайды. Жұмысымды бағалаймын. Мұнда қан орталығының донорларына арналған жабдықтар, атап айтқанда стерильді контейнерлер құрастырумен айналысамын. 3 жылдан бері осы жерде еңбек етемін, ұжымым да жақсы, ауызбіршілігіміз бар. Мұнда ауысымдық жұмыс, яғни бір апта бойы жұмыс істеген соң, екінші ауысымдағы әріптестеріміз әрі қарай жалғастырады», - деді ол.

Гүлжан Мұсабаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялағанын жылы қабылдаған, себебі еңбек адамдарының қоғамдағы орны өз деңгейінде бағалануы керек деп санайды.Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Соған сәйкес республикалық және өңірлік деңгейде көптеген шаралар қолға алынып, кешенді жоспар жасалды. Оны іске асыру арқылы жұмысшы мамандықтарын даярлаумен айналысатын кәсіптік білім беру жүйесінен бастап еңбекпен қамтуға дейінгі салаларға реформа жасалады.





скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті