Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорданың Алматы ауданында жаңа аллея салтанатты түрде ашылды

Елорданың Алматы ауданында жаңа аллея салтанатты түрде ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қала тұрғындарының демалысы мен серуендеуі үшін абаттандырылған жаңа аллея ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа аллея Алматы ауданының Қайрат Рысқұлбеков көшесі бойында орналасқан және еңбек династияларына арналады. Ашылу салтанатына аудан әкімдігінің қызметкерлері мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қатысты. Жиналғандардың алдында «Елорда» хоры мен Е.Рахмадиев атындағы қалалық филармония әртістері өнер көрсетті. Бүлдіршіндер үшін ойындар, викториналар өткізіліп, аниматорлармен көңіл көтеру бағдарламасы ұйымдастырылды. Отбасылық демалысқа жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінген. Балаларға арналған кең ойын алаңына қауіпсіз тартан жабындысы төселіп, заманауи шағын сәулеттік элементтер орнатылды.

Сонымен қатар заманауи және ыңғайлы орындықтар, қоқыс контейнерлері қойылып, автотұрақ аумағы кеңейтілді, жаңа асфальт төселді және жарықтандыру жүйесі орнатылды.Аллея бойына 200-ден астам ағаш отырғызылды. Айта кетейік, биыл елордада шамамен 170 аула мен қоғамдық кеңістік (гүлзарлар, желекжолдар, саябақтар) абаттандырылуда. Бұл жұмыс барлық ауданды, оның ішінде тұрғын алаптарды қамтиды. Қазіргі уақытта жұмыстың басым бөлігі аяқталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады