Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстауда жазаны өтеу шарттарын бұзған сотталған бас бостандығынан айырылды

Маңғыстауда жазаны өтеу шарттарын бұзған сотталған бас бостандығынан айырылды
Фото: Polisia.kz

Маңғыстауда жазаны өтеу шарттарын бұзған сотталған бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Маңғыстау облысында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Қарақия ауданында рейдтерге аудандық пробация қызметінің мамандары мен учаскелік полиция инспекторлары қатысуда. Шараның мақсаты – сотталғандардың заң талаптарын және сот белгілеген шарттарды сақтауын қадағалау. Тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Кейбір есептегі сотталғандарға ескерту беріліп, бірнеше рет тәртіп бұзған жағдайда олардың қайтадан бас бостандығынан айыру орындарына жіберілетіні түсіндірілді. Мәселен, Қарақия ауданының 37 жастағы тұрғыны ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша ұрлық жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталған. Алайда ол жазаны өтеу шарттарын бірнеше рет бұзған: тұрғылықты мекенжайында болмаған, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және ауыл аумағынан рұқсатсыз шығып кеткен. Осыған байланысты пробация қызметкерлері сотқа жаза түрін ауыстыру туралы ұсыныс енгізді. 

Сот шешімімен ол жазасының қалған бөлігін өтеу үшін бас бостандығынан айыру мекемесіне жіберілді. Пробация қызметі бөлімінің бастығы Гүлжан Исмаилованың айтуынша, мұндай тексерулер сотталғандарды бақылауда ұстап, жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстың қайталануына жол бермеуге мүмкіндік береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті