Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жазғы джаз әуендері: елордада JazzVIBE концерті өтті

Жазғы джаз әуендері: елордада JazzVIBE концерті өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елорда күніне орай Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатр сахнасында JazzVIBE концерті өтті. Іс-шарада «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі мен «Жастар» сарайының «Жігер» эстрадалық-джаз ансамблі өнер көрсетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Концерт барысында әлемге танымал хиттер, авторлық шығармалар мен қазақтың халық әндері джазға арналған ерекше аранжировкада орындалды. Бағдарлама дәстүрлі джаз, джаз-рок, поп және заманауи музыкалық бағыттарды тоғыстырды.

«Астана – бұл тек іскерлік және әкімшілік орталық емес, сонымен қатар мәдени тынысы, жаны бар қала. Біз осы жобамен мерекелік көңіл күйді, жеңілдік пен қуаныш атмосферасын жеткізгіміз келді. Джаз – бұл үшін таптырмас жанр. Ол стильді, жанды, эмоцияға толы, әрі кез келген жастағы тұрғынға түсінікті. Біз адамдар шынайы музыкалық ләззат алып, күнделікті күйбеңнен бір сәтке болса да ажырап, мерекенің лебін сезінсе екен дейміз. JazzVIBE – бұл елордаға және оның тұрғындарына арналған музыкалық сыйымыз», – деді «Жастар» сарайының имидждік коммуникациялар бөлімінің жетекшісі Ділназ Мұрат.

«Жігер» ансамблінің көркемдік жетекшісі Рүстем Әміровтің айтуынша, ұжым джаздың элитарлы әрі күрделі музыка емес, керісінше еркін, жанды және өте әсем өнер екенін жеткізуді мақсат еткен.

«Біз бағдарламаны ең жарқын әрі танымал шығармалармен жасақтадық – әлемдік джаз стандарттарынан бастап халықтың сүйікті қазақ әндеріне дейін. Барлығы – ерекше өңдеуде, импровизация элементтерімен. Джаз – бұл ішпыстырарлық емес, керісінше, қуат пен ырғаққа толы музыка. Әр көрермен соны сезінсе дейміз. Джаз жақын, түсінікті, сүйікті жанрға айналсын. Бұл концерт – жай ғана шоу емес, көрерменге арналған эмоция. Біз адамдардың мереке қарсаңында жақсы көңіл күй алуына жағдай жасағымыз келеді», – деді Рүстем Әміров.

Сахна төріне халықаралық байқаулардың лауреаттары мен беделді марапат иегерлері шықты: Әлібек Алмадиев, Зарина Божақова, Татьяна Ким, Евгений Ботников, Әсет Қасайынов, Ақжол Исін, Өнер Құлов, Мәди Сыздықов, Елена Белякова, Нұрлыбек Закенов, Аман Шаймерденов және Бақытжан Масалим.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті