Түркістан облысында бой көтеретін нысандардың сәулеті бекітілген дизайн кодқа сәйкес салынуы шарт. Әрбір нысанның құрылысы қатаң бақылауда тұр.Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кеңес отырысында құрылыс саласындағы жоспарланған жобалар пысықталып, олардың сәулеттік келбеті мен аймақтың даму стратегиясына сәйкестігі талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында тұрғын үй, туризм, мәдениет бағытындағы жаңа нысандардың жобалары ұсынылды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқармаларға архитектуралық шешімдерде өңірдің ерекшелігі мен ұлттық нақышты сақтай отырып, заманауи цифрлық мүмкіндіктерді кеңінен қолдануды жүктеді.– Өңірде салынатын нысандардың эскиздік жобаларын әзірлеу барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану керек. Сонымен қатар жобалар заманауи талаптарға сай, эстетикалық және функционалдық тұрғыдан үйлесімді болуы тиіс, – деді Нұралхан Оралбайұлы.