Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында 66 ауыз су нысанының құрылысы жүріп жатыр

Түркістан облысында 66 ауыз су нысанының құрылысы жүріп жатыр
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында тұрғындарды ауыз сумен қамту жұмыстары тұрақты жалғасып, бұл бағытта биыл 66 нысанның құрылысына бюджеттен қажетті қаржы қаралған. Аталған мәселе мен өңірдегі өзге де түйткілдер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кезекті апталық мәжілісінде талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға жауапты басқарма басшылары мен мамандар қатысты. Облыс әкімі ауыз су кезек күттірмейтін мәселе екендігін айтып, жауаптыларға тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін барлық мүмкіндікті пайдалануды тапсырды.

– Биыл тапсырылатын нысандарды мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырамын. Ауыз су кестемен берілетін елді мекендердің мәселесін жан-жақты пысықтап, шешу жолдарын қарастыруды және жыл соңына дейін жоспарланған 38 елді мекендерді ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету қажет. Құрылыс жұмыстарының барысына күнделікті мониторинг жүргізіп, апта сайын мәлімет енгізіңіздер. Жыл соңына дейін қаржылар мерзімінде игерілмесе аудан әкімдерінің тәртіптік жауапкершіліктері қаралатынын ескертемін, – деді облыс басшысы.

Биыл облыста 38 су құбыры іске қосылады, 28 нысанның құрылыс жұмыстары 2026 жылға өтпелі. Сонымен қатар 30 елді мекенге жаңа су құбырлары жетіп, тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартудан өтеді. Бұл бағытта арнайы мониторинг жүргізіледі. Облыста ауыз сумен жабдықтау қызметтерімен 17 су беруші мекеме айналысады.Бүгінде елді мекендерге барлау жұмыстары жүргізіліп, арнайы индикаторлар енгізілді. Мердігер мекемелермен келісімшарт орнатылып, құрылыс жұмыстары жалғасуда. 

Атап айтқанда Ордабасы, Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш, Келес аудандарын ауыз сумен толық қамту шаралары жан-жақты зерделеніп, бірнеше аудандарда су нысандарының құрылысы аяқталса, кейбірінде ұңғыманы бұрғылау жұмыстары жалғасып жатыр. Осыған дейін 215 елді мекен жоспарға енгізіліп, оның 86 елді мекенінде ауыз су мәселесі шешілген-ді.Биыл облыс көлемінде 129 елді мекенге кестеге сай ауыз су беріліп жатыр. Соның ішінде 68 елді мекендегі оқшау су жүйелері аудан, қала әкімдіктерінің меншігінде болса, 61 елді мекендегі топтық су жүйелері министрлікке қарасты «Қазсушар» РМК-ның теңгерімінде. Биыл жоспарға сәйкес, 24 елді мекенге тәулік бойы су жеткізу жоспарлануда. Қалған 20 елді мекенді үздіксіз ауыз сумен қамту шаралары келесі жылы атқарылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті