Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қалааралық тасымалдар тексерілуде

Алматыда қалааралық тасымалдар тексерілуде
Фото: Polisia.kz

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алматы қаласының полициясы жолаушылар тасымалын тексеріп жатыр. Тексеру ресми тасымалдаушылардың автобустарын ғана емес, сондай-ақ жеке тасымалдаушыларды, соның ішінде қалааралық және облысаралық бағыттардағы көліктерді де қамтиды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

— Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің бұзылуын, тиісті рұқсатсыз көлікті қайта жабдықтауды, міндетті мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген көліктерді пайдалануды, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының сақталмауын анықтауға ерекше көңіл бөлінуде. Тек жарты күннің ішінде 500-ден астам құқық бұзушылық тіркелді. Қалааралық тұрақты рейстерді орындаған 15 шетелдік тіркеудегі көлік желіден алынып, арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Біздің басты мақсатымыз – тек құқық бұзушылықтарды тіркеу емес, қайғылы жағдайлардың алдын алу. Біз көлік құралдарының техникалық жай-күйіне, жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексерулеріне және жолаушыларды тасымалдау талаптарының орындалуына бақылауды күшейттік, – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Полицияның мәліметінше, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі – құқықтық тәртіптің негізгі элементі. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен адам өмірін сақтау – полиция, тасымалдаушылар мен азаматтардың бірлескен күш-жігерімен ғана мүмкін болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді