Astana International University-де (AIU) Британ парламентінің мүшесі Афзал Хан және Манчестер қаласының лорд-мэрі Абид Чоханмен кездесу өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар AIU мен Манчестер университеттері арасындағы болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Бас қосудың маңызды тақырыптары — академиялық алмасу, ғылыми жобалар және AIU студенттерінің білім беру тәжірибесін арттыруға бағытталған ынтымақтастықтың басқа да жолдары болды.
Афзал Хан AIU студенттеріне заманауи саясаттың маңызды аспектілеріне тоқтала отыра, өзінің сан жылдық тәжірибесіне негізделген қызықты дәріс оқыды. Студенттер дәріске белсенді қатысып, көкейкесті сұрақтарын қойып, оларға дәріскер жылы лебізін білдірді.
Қонаққа деген алғыс және ықылас белгісі ретінде, Афзал Ханға AIU-дың құрметті профессоры атағы берілді. Аталған іс-шара AIU-ға халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер әкелмек.