Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» және Huawei стратегиялық әріптестік жөнінде келісімге қол қойды

«Самұрық-Қазына» және Huawei стратегиялық әріптестік жөнінде келісімге қол қойды
Фото: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы Қазақстан экономикасының негізгі салаларын цифрлық трансформациялау, инновациялық IT-шешімдерді ауқымды түрде енгізу және жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісім аясында бұлттық сервистерді дамыту, заманауи деректерді өңдеу орталықтарын салу, жасанды интеллект, заттар интернеті, Big Data және өндірістік үдерістерді басқаруға арналған озық цифрлық платформаларды енгізу қарастырылған.

Энергетика, көлік және тау-кен өнеркәсібі сияқты салаларда интеллектуалды операциялық орталықтарды, деректерді талдау жүйелерін және болжамды аналитика құралдарын енгізуге ерекше назар аударылатын болады. Бұдан бөлек, цифрлық трансформацияға, 5G желілерін дамытуға, «ақылды қалаларға» және IT-стартаптарды қолдауға арналған жобаларды іске қосу жоспарлануда.

«Қол қойылған келісім отандық цифрлық экономиканың дамуында жаңа кезеңді ашады. Біздің мақсатымыз – тек озық технологияларды енгізу ғана емес, сонымен бірге олардың жергілікті деңгейде игерілуіне және экспортқа шығарылуына жағдай жасау. Huawei компаниясымен бірлескен жобалар Қазақстанның технологиялық егемендігін нығайтып, ұлттық компаниялардың тиімділігін арттыруға және жаңа буын мамандарын даярлауға мүмкіндік береді», — деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Huawei тарапынан маркетингтік зерттеулер жүргізу, бизнес-модельдерді әзірлеу және инновациялық IT-шешімдерді жобалау мен енгізу саласында сараптамалық қолдау көрсетілетін болады. Әріптестік сонымен қатар жоғары білікті кадрлар даярлауға және үздік халықаралық тәжірибелерді Қазақстанға бейімдеуге бағытталған зерттеу және білім беру бағдарламаларын іске қосуды көздейді.

«Huawei үшін Қазақстан – біз тәжірибемізбен, технологияларымызбен және білімімізбен бөлісуге дайын стратегиялық әріптес. Біз бірлескен жобаларда зор әлеует барын көріп отырмыз және олардың экономика салаларының цифрлық жаңғыруына қозғаушы күш боларына сенімдіміз. Өндірісті жергіліктендіру және зерттеу бастамаларын дамыту ынтымақтастықты сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге шығарады», — деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Сун Ясунь.

Қол қойылған келісім Қазақстанның технологиялық жаңғыруға және өзіндік цифрлық индустрияны қалыптастыруға деген бағытын көрсетеді. Аталмыш ынтымақтастық ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қазақстандық бизнестің жаһандық технологиялық экожүйедегі жаңа мүмкіндіктерін ашады деп күтілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті