Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болып Данияр Қырықбаев тағайындалды

Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болып Данияр Қырықбаев тағайындалды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Алатау ауданының әкімі болып Данияр Қырықбаев тағайындалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 2024 жылдың сәуірінен бастап ол Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған. Данияр Батанұлы Қырықбаев 1986 жылдың 29 сәуірінде Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін және Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын бітірген.Еңбек жолын 2007 жылы банк секторында бастады.

Әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында, Бас прокуратурада, Парламент Сенаты Аппаратында және Жоғарғы сотта қызмет етті. Сондай-ақ Алматы қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы болды.2019–2021 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалының директоры қызметін атқарды.2021 жылдан бері Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасын басқарды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады