Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада алғаш рет Astana 2025 World Boccia Challenger халықаралық турнирі өтеді

Елордада алғаш рет Astana 2025 World Boccia Challenger халықаралық турнирі өтеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада алғаш рет 20-28 тамыз аралығында беделді халықаралық бочча турнирі – Astana 2025 World Boccia Challenger өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл – Халықаралық бочча федерациясы (BISFed) аясында өтетін іріктеу жарысы. Нәтижесінде спортшылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпай жинайды.

Турнирге Еуропа, Азия және Таяу Шығыст аймақтарының 13 елінен 60 спортшы қатысады. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтетін жарысқа Қазақстан атынан 10 спортшы, оның ішінде астаналық Итиана Шыңғысханова мен Алмат Ерат қатысады. Олар жекелей және командалық сайыстарда өнер көрсетеді. Бағдарламада жеке, жұптық және командалық жарыстар қарастырылған.

«Турнирдің Астанада өтуі Қазақстанның паралимпиадалық қозғалыстағы белсенділігін және елдің баршаға тең мүмкіндік жасауға ұмтылысын көрсетеді. Бұл маңызды спорттық оқиға ғана емес, сонымен бірге тәжірибе алмасу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және өңірде инклюзивті спорт түрлерін насихаттау алаңы болмақ», – деді Қазақстан бочча федерациясының бас хатшысы Нұргүл Ұлжекова.

Astana 2025 World Boccia Challenger елордадағы ең ірі спорт кешендерінің бірінде өтеді. Ол мүмкіндігі шектеулі спортшыларға толық бейімделген.

Турнирді Қазақстан бочча федерациясы Астана қаласы әкімдігінің, ҚР Туризм және спорт министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ, Sport Qory қоры, Eurasian Resources Group (ERG) және өзге де серіктестердің қолдауымен ұйымдастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті