Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде алғаш рет Азия Паралимпиадалық комитетінің Конференциясы мен Бас Ассамблеясы өтіп жатыр

Елімізде алғаш рет Азия Паралимпиадалық комитетінің Конференциясы мен Бас Ассамблеясы өтіп жатыр
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

11-14 тамыз күндері елордада Азия Паралимпиадалық комитетінің Конференциясы және 8-Бас Ассамблеясы өтіп жатыр. Мұндай ауқымды іс-шара тарихта алғаш рет тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда ұйымдастырылып отыр. Форумға 45 елден 190-нан астам делегат келген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігінің, сондай-ақ халықаралық спорт ұйымдарының қолдауымен Азия Паралимпиадалық комитеті мен Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті бірлесіп өткізіп жатыр.

Жиынның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысып, мұндай іс-шараларды Астанада өткізудің маңыздылығына тоқталып өтті:

«Паралимпиадалық қозғалыстың және негізгі ұйымдардың басшыларын қабылдау – Қазақстан үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Мемлекет басшысының паралимпиадалық спорт пен тең мүмкіндік қағидаттарын дамытуға айрықша назар аударып, жүйелі түрде қолдау көрсетуінің арқасында бүгінгідей ауқымды халықаралық іс-шараны өткізіп отырмыз. Біз Қазақстанды инклюзивті спорттың аймақтық орталығына айналдыруға және әр спортшының өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасауға ұмтыламыз», - деді ол.

Министрдің айтуынша, Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті 2002 жылы құрылған сәттен бері 19 паралимпиадалық спорт түрін белсенді дамытып, жыл сайын 800-ден астам жарыс өткізеді. Сондай-ақ отандық спортшылардың 80-нен астам халықаралық турнирге, соның ішінде ең ірі әлемдік додаларға қатысуын қамтамасыз етіп келеді.

Конференция мен Ассамблеяның құрметті қонақтары қатарында АПК президенті Маджид Рашед, Халықаралық Паралимпиадалық комитеттің (IPC) президенті Эндрю Парсонс, ұлттық паралимпиадалық комитеттердің басшылары, халықаралық федерациялардың өкілдері және сарапшылар бар.

Форумның іскерлік бағдарламасына Ұлттық паралимпиадалық комитеттерде басқаруды жетілдіру, жастар мен әйелдердің пара спортқа қатысуын арттыру, қолжетімді спорт жіктемесі мен технологиясына инновация енгізу, сондай-ақ Азия Пара ойындары сияқты ірі халықаралық жарыстарға дайындық мәселелері енген.

13 тамыз күні форум аясында елордадағы Конгресс-орталықта Asian Awards марапаттау рәсімі өтеді. Онда Азиядағы паралимпиадалық қозғалысты дамытуға елеулі үлес қосқан спортшылар, жаттықтырушылар және ұйымдар арнайы сыйлықтарға ие болады.

Қазақстанда АПК Конференциясы мен Бас Ассамблеясының өтуі – елдің инклюзивті спортты дамытудағы жетістіктерін халықаралық деңгейде мойындалуының және Қазақстан жаһандық спорт қозғалысының белсенді қатысушысы әрі сенімді серіктесі екенінің айқын көрінісі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
4 комментария
Супер Мастер на час приедет к вам и решит все домашние вопросы. Добро пожаловать на муж на час[url=https://onhour.ru]:[/url] https://onhour.ru onhour.ru Муж на час Москва официальный сайт и обращайтесь! [url=https://onhour.ru][/url] https://onhour.ru onhour.ru
  • Deandre
  • 21-06-2026, 08:17
  • : 08:17
Thanks for sharing this article! I learned something new from this article. The topic is presented clearly, which adds real value for visitors. As someone who enjoys playing Astronaut, Astronaut game I particularly liked the article touches on important aspects of the game. The game offers a unique experience, including its immersive atmosphere and interesting challenges. Many of the ideas discussed here reflect my own experience. The developers seem committed to improving the game, which encourages players to stay active. Thanks for taking the time to write this article. Looking forward to future publications. Best wishes to the blog and its readers!
Coming off a solid gaming session grinding crash games and have to say nothing beats the rush when you learn when to cash out. Tried out Vegazone casino for this session and wasn't disappointed. Deposited via Mastercard and saw they also accept Apple Pay which is great. Watching that multiplier rise is genuinely exciting — you gotta hold your nerve yet also not get greedy. Compared to Zeppelin, Goal which I've spent time on, this format gives you that real-time decision-making buzz. Solid site for Nordic players - check it out at https://genevafin.tech/
Spinning online slots in today's iGaming world has become more rewarding than it has ever been. As a result of new technology, slot fans now have access to thousands of titles from the comfort of home. To find the right spot to play, https://siafunds.tech/ is a name worth remembering. An important pattern in the current slot industry reflects growing interest in highly detailed video slots. Slot designers are prioritizing richer bonus rounds to stand out from competitors. Bonus features have grown significantly. Expanding wilds have become a standard inclusion of most modern slots https://siafunds.tech/. Players are drawn to these mechanics as they break up the monotony. Cross-device play remains central to growth in the way players engage with games. The majority of studios now design games mobile-first, which means controls remain intuitive no matter the device. Trust and transparency remain a top priority among licensed platforms. Regulatory bodies routinely check platform compliance, assuring customers greater trust when choosing where to play. If you're aiming for a better strategy, it's important to study the paytable before spinning the reels. Titles with fairer odds commonly create a more predictable rhythm, even though less predictable machines are capable of generating substantial one-time wins for thrill-seekers. Bankroll management continues to be one of the most important skills for anyone gambling online. Tracking wins and losses tends to make protecting your finances across multiple sessions. Ultimately, today's slot machines offers something for everyone. Regardless of your skill level, the opportunity has never been greater to enjoy this ever-changing genre.
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді