Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында ер адам өзгенің автокөлігін рұқсатсыз айдап кеткен

Жетісу облысында ер адам өзгенің автокөлігін рұқсатсыз айдап кеткен
Фото: Polisia.kz

Үштөбеде ер адам өзгенің автокөлігін рұқсатсыз айдап кеткен, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

5 тамыз күні түнге таяу Кербұлақ аудандық полиция бөліміне Үштөбе қаласының тұрғыны шағым түсірді. Ол белгісіз адамның өзіне тиесілі Daimler-Benz автокөлігін рұқсатсыз мініп кеткенін хабарлады. Зардап шеккен азаматтың айтуынша, ол көлікті биылғы 25 шілдеде сатып алып, эвакуатордың көмегімен үйіне жеткізген. Сол сәтте көліктің кілттері салонында қалған екен. 5 тамызда көлік иесі өзінің танысына хабарласып, жөндеу жұмыстарына қажетті құралдары бар болғандықтан, автокөлікті оның үй ауласына жеткізіп қоюды өтінеді. Көлік сол күні эвакуатормен көрсетілген мекенжайға апарылды. Авто иесі оны пайдалануға қатаң тыйым салғанын да ескерткен. Алайда, сол күні танысы көлік салонында қалған кілттерді пайдаланып, көлікті рұқсатсыз оталдырып, айдап кеткені анықталды. Танысының "қызық үшін серуендеу" ойы заң алдында ауыр жауапкершілікке әкелді. 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша "Көлікті заңсыз иемдену" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тұрғындарға ескертеді: өзгенің мүлкін рұқсатсыз пайдалануға болмайды. Тіпті көліктің есігі ашық, кілті ішінде тұрған күннің өзінде де бұл әрекет қылмыс болып саналады. ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, мұндай құқықбұзушылық үшін бір мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, екі жылға дейін бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті