Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан жұмысшы кадрларды даярлауда әлемдік деңгейге шықты: 10 колледж халықаралық тәжірибе алмасуда

Қазақстан жұмысшы кадрларды даярлауда әлемдік деңгейге шықты: 10 колледж халықаралық тәжірибе алмасуда
Фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қазақстандық колледждерді интернационалдандыру жүргізілуде. Бұл – ТжКБ жүйесін трансформациялаудағы басым бағыттардың бірі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта салалық ведомство шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізуде. Олардың қатарында Қытай, Оңтүстік Корея, Франция секілді елдердің жетекші білім беру ұйымдары мен кәсіпорындары бар. Ынтымақтастық аясында академиялық ұтқырлыққа, тағылымдама мен тәжірибе алмасу бағдарламаларына, халықаралық білім беру стандарттарын, қос диплом алу бағдарламаларын енгізуге, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
«Жұмысшы мамандықтарының жылы аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі – колледждерді интернационалдандыру. Басты мақсат – олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оқу бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және заманауи еңбек нарығының сын-қатерлеріне жауап бере алатын мамандарды даярлауға жағдай жасау», – дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Осы бастама аясында 2025 жылы еліміз бойынша 10 колледж интернационалдандырылады. Олардың қатарында – Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі, Астана қаласының қоғамдық тамақтану және сервис колледжі, Шымкент қаласының жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі және басқалары бар. Бүгінде осы ұйымдардың студенттері мен педагогтері Жапония, Франция, Қытай, Түркия және басқа елдердің колледждерінде және серіктес кәсіпорындарында оқудан және тағылымдамадан өтуде.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді