Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан қаласында жаңартылған жолдардың үлесі 70%-ға дейін артады

Түркістан қаласында жаңартылған жолдардың үлесі 70%-ға дейін артады
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгінде Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Осы жолдардың 430,1 шақырымы немесе 50,3 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, 419,9 шақырымы немесе 49,7 пайызы қиыршық тасты жолдар санатына жатады.Биыл ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жұмыстардың нәтижесінде жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 66,7 пайызға дейін артады деп күтілуде. Жөндеу жұмыстары негізінен қаланың инфрақұрылым жүйелері толық аяқталған Шауғар, Яссы, Отырар және Бекзат тұрғын алаптарында жүргізіледі.Орташа жөндеу барысында көшелерге екі қабатты асфальт жабындысы төселіп, жол жиектері, аяқжолдар, мүмкіндігінше веложолдар мен жаңбыр суағар жүйелері орнатылады. Жөнделетін көшелердің басым бөлігі қаланың тарихи, яғни ескі бөлігінде орналасқан.

Атап айтқанда, Тәуке хан, Әл-Фараби, Наурызым көшелері толықтай жаңартылып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар С.Жандосов көшесін кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса Тәуке хан көшесінде ұзындығы 5,1 шақырымды құрайтын асфальт қабаты жаңартылып, жол бөлу таңбалары толықтай қайта сызылды. Әл-Фараби көшесінің 1,8 шақырымына асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы мен жаңбыр суағар жүйелері салынды. Ал Жангелдин көшесінде 3,75 шақырым аумаққа ауыр жүк көліктерінің жүріп-тұруына бейімделген асфальт жабындысы төселіп, аяқжол, веложол және су ағатын арықтармен қамтылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті